12/11/2019  Сейсенбі
Мекен жайы:
Қазақстан, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2013 жылдың 11 қыркүйегіндегі № 21/27 ««Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы

 

«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіне сәйкес экономика саласында жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, қалалық коммуналдық меншігін басқару және мемлекеттік сатып алуды үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттірді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

– әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы нәтижелеріне мен стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және жергілікті бюджетті атқаруды үйлестіру;

– мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және қалалық коммуналдық меншікті түгендеу.

14. Міндеттері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен басымдықтарын анықтау және стратегиялық бағдарламаларды әзірлеу;

2) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен әрекеттесетін бюджеттік инвестициялық саясат пен бюджеттік өлшемдердің болжамын қалыптастыру болып табылады;

3) бюджетті шығыстар бойынша атқару, тиісті қаржы жылына немесе түзетілген бюджетке жергілікті бюджет туралы қалалық мәслихат шешімімен бекітілген сомаларының шегінде бюджеттік бағдарламалардың толық және уақытында орындалуына бығытталған шараларды жүзеге асыру;

4) қалалық коммуналдық меншіктің ұтымды және тиімді басқарылуын қамтамасыз ету және коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу;

5) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы тауарларды, қызметерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып-алуды үйлестіру.

15. Функциялары:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысының 17 т.);

2) қаланың даму бағдарламасын әзірлеу, мониторингтеу, іске асуын бағалау және түзетулер енгізу (ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығының 27, 29 т.);

3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке ала отырып, болжамдау әдістемесіне сәйкес үшжылдық кезеңге жергілікті бюджеттің түсімдеріне болжам жасау (ҚР Бюджеттік кодексінің 65 бабының 1.1 т.);

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарау (ҚР Бюджеттік кодексінің 65 бабының 1.1 т.);

5) әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясат басымдықтарын айқындау (ҚР Бюджеттік кодексінің 65 бабының 1.1 т.);

6) қалалық бюджеттік комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру және бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар дайындау (ҚР Бюджеттік кодексінің 59 бабының 2, 5 т.);

7) қала бюджетінің жобасын әзірлеу және оны бюджеттік комиссияның қарауына шығару (ҚР Бюджеттік кодексінің 73 бабының 1 т.);

8) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттiк өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, мемлекеттiк қызмет көрсетудің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестiгi тұрғысына қарау (ҚР Бюджеттік кодексінің 68 бабының 4 т.);

9) бюджеттік бағдарламалардың жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау (ҚР Бюджеттік кодексінің 68 бабының 4 т.);

10) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша олар жөнінде бюджеттік қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жіберу (ҚР Бюджеттік кодексінің 68 бабының 6 т.);

11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) арналған инвестициялық ұсыныстарын жобаның экономикалық орындылығы, оның мақсаттарының стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген, экономиканың салаларын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан қарау және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жіберу (ҚР Бюджеттік кодексінің 153 бабының 6 т.);

12) әрі қарай бюджет комиссиясының қарауына жіберу үшін инвестициялық ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру (ҚР Бюджеттік кодексінің 153 бабының 6-2 т.);

13) техникалық-экономикалық негiздемелерді әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру (ҚР Бюджеттік кодексінің 153 бабының 7 т.);

14) концессиялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамалар жүргізуге арналған концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді (ҚР Бюджеттік кодексінің 155-1 бабының 3-3 т.);

15) техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру (ҚР Бюджеттік кодексінің 155-1 бабының 4 т.);

16) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген негіздеме негізінде жобаны қарау және іріктеу, сондай-ақ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қажетті сараптамалар жүргізу және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жіберу (ҚР Бюджеттік кодексінің 154 бабының 1, 1-1 т.);

17) бюджеттік несие беру туралы шешім қабылдау үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік несиелеу арқылы іске асыруды ұсынатын бюджеттік бағдарламаларды олардың бюджеттік несиелеу талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап, қорытынды қалыптастыру (ҚР Бюджеттік кодексінің 187 бабының 2, 3 тармақшалары);

18) қала бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстарды енгізу (ҚР Бюджеттік кодексінің 109 бабының 1 т.);

19) сәйкес жоспарлық кезеңге арналған қала бюджетін бекіту мен нақтылау туралы қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу (2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 т. 1-3, 1-6, 1-8 тармақшалар);

20) қала әкімінің құрылымдық бөлімшелерін рейтингтік бағасын құраушы көрсеткіштерге мониторинг жасау, рейтингтің негізгі және көмекші көрсеткіштерінің орындалуына талдау жүргізу, қалалық бағдарламалар әкімгерлерінің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар ұсыну және бөлімдердің жұмысын үйлестіру (Президент әкімшілігі жетекшісінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы «Облыстар, қалалар мен аудандардың рейтингі бойынша кейбір сұрақтары туралы» бұйрығы);

21) қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді (ҚР Бюджет кодексінің 82 б. 7 т., 90 б. 1 т.);

22) бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға түсімдермен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын тапсырады (ҚР Бюджет кодексінің 82 б. 7 т.);

23) қаржыландыру жоспарларының жылдық сомаларының ай сайынғы бөлінуін жинау, талдау және бағалау арқылы қалалық бюджеттің қаражаттарын игерудің мониторингін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарына енгізетін негізділігін, қаржыландыру жоспарын орындамау себептерін айқындауды, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепті құрастыруды жүзеге асырады (ҚР Бюджет кодексінің 82 б. 7 т., 112 б. 2 т.);

24) бюджеттің атқарылуы кезінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды іске асырады (ҚР Бюджет кодексінің 82 б. 7 т.);

25) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіп пен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді (ҚР Бюджет кодексінің 85 б. 1, 4 т., 102 б. 3, 4 т., ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 26 ақпандағы № 220 қаулысының 2 т.);

26) түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіп пен жылдық сомаларды қоса алғандағы міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгерістер мен толықтырулар енгізеді (ҚР Бюджет кодексінің 85 б. 9 т., ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 26 ақпандағы № 220 қаулысының 11 т.);

27) мемлекеттік мекемелердің қарамағында қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен ақша шығындарының бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бекітетін жоспарымен келіседі (ҚР Бюджет кодексінің 85 б. 1, 4 т., 102 б. 3, 4 т., ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 26 ақпандағы № 220 қаулысының 11 т.);

28) бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған бюджеттік қаражаттарды әрі қарай іске асырудың немесе қысқартудың мақсатқа сәйкестігін, іске асырудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытынды даярлайды және қалалық бюджеттік комиссиясына, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне тапсырады (ҚР Бюджет кодексінің 113 б.);

29) түсімдердің болжамдық көлемін ескеріп, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың айлық кестесіне белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізеді (ҚР Бюджет кодексінің 32 б.);

30) нәтиженің одан әрі жоғарылауын, әрі қарай орындалуының мақсатқа лайықтылығын және қаражаттық бюджеттің орындалуында бюджеттік қаражаттың қысқаруын шығарады (ҚР Бюджет кодексінің 32 б.);

31) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арқылы таураларды, қызметтерді, жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың жиынтық номенклатурасы мен жоспарының жасалуын қадағалайды (ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 14 б.);

32) мекеме өткізген конкурстардың нәтижелері бойынша қорытындыланған келісім-шарттардың бюджеттік бағдармалар әкімшіліктері орындалуына талдау жасайды (ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 14 б.);

33) шағын кәсіпкерлік субъектілеріндегі мемлекеттік сатып алулар көлемінде, жергілікті тауар өндірушілердің конкурстық рәсімдемелерге қатысуына, коммуналдық меншік объектілерінің құрылысы жөніндегі конкурстарға талдау жасайды (ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 14 б.);

34) мемлекеттік коммуналдық мүлік басқармасының өрісіндегі мемлекеттік саясаттың қалыптасуының ұсынысын шығарады, мемлекеттік мүлік басқармасының өрісіндегі өз құзіретіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді (ҚР Мемлекеттік мүлік туралы Заңның 18 б. 1 т.);

35) «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау (Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, 9 б. 1 т., 7 б. 2 т.);

36) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс (Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, 20-2 б. 1 т.).

16. Құқықтары мен міндеттері:

– «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақпараттар сұрастыруға және алуға;

– аймақтық әлеуметтiк-экономикалық саясат негiзгi бағыттары бойынша ұсынысты қала әкімдігінің қарауына ұсынуға;

– өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және ұсыну;

– экономикалық сараптаманы жүргiзу мен кеңес алу үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сонымен қатар тәуелсiз сарапшыларды тартуға.

– «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекеменiң құрылу мақсатына жауап бермейтiн қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функциоларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) өзінің орынбасарының және «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңдарға сәйкес «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

3) заңдарда белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;

5) қала әкімдігімен бекітілген штат санының лимиті аясында «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

6) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісті емес орындағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының дербес жауаптылығы қаралуы тиіс.

8) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамады көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік қаланың коммуналдық меншігіне жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бектілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

4. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.