Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсанындағы №349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5092 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1 (2346) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 08 қаңтардағы жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 15 047 112 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 290 022 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 28 647 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 40 600 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 11 687 843 мың теңге;
2) шығындар – 15 279 822 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 238 879 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 238 879 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 268 879 мың теңге»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ш. Мұхамедғалиева
қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук