12/12/2019  Бейсенбі
Мекен жайы:
Қазақстан, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсанындағы №349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5092 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1 (2346) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 08 қаңтардағы жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 14 968 624 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 180 822 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 37 647 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 40 600 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 11 709 555 мың теңге;

2) шығындар – 15 137 503мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 238 879 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 238 879 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 268 879 мың теңге»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы қалалық Е.Сатыбалдин

мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук