30/03/2020  Дүйсенбі
Мекен жайы:
Қазақстан, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 9 631 303 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 639 579 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 33 413 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 5 912 189 мың теңге;

2) шығындар – 9 631 303 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. 2020 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

жеке табыс салығы бойынша: төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын – 100 пайыз;

1) әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.

3. 2020 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 5 912 189 мың теңге сомасында ескерілсін.

4. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 60 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

5. 2020 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы Е.Сатыбалдин

қалалық

мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук