21/09/2020  Дүйсенбі
Мекен жайы:
ҚР, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1.    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5614 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №1-2 (2398-2399) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1 қосымша сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1)    кірістер – 17 088 923 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 754 636 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 33 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 254 752 мың теңге;
2)    шығындар – 18 552 097 мың теңге;
3)    таза бюджеттік кредиттеу –  алу 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4)    қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5)    бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;
6)    бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 463 174 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы                                                                      Қ. Әділбаев

қалалық
мәслихат хатшысы                             Т.И.Хмилярчук