21/09/2020  Дүйсенбі
Мекен жайы:
ҚР, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсанындағы №484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1,2 және 3 қосымшыларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

  1. кірістер – 17 617 887 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 946 090 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 568 262 мың теңге;

2.шығындар – 21 923 382 мың теңге;

3.таза бюджеттік кредиттеу –  алу 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4.қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5.бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 1 463 174 мың теңге;

6.бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 463 174 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                      Қ. Әділбаев

қалалық
мәслихат хатшысы                                                            Т.И.Хмилярчук