21/09/2020  Дүйсенбі
Мекен жайы:
ҚР, Қарағанды облысы, Сәтбаев қ., ул. Академика Каныша Сатпаева, 108/1
8 (71063) 3 55 22
satpaevfino@mail.ru

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемінде бекітілсін:

1) кірістер – 17 792 682 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 4 005 552 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 683 595 мың теңге;

2) шығындар – 22 098 177 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  алу 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 4 305 495 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 4 305 495 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 2 842 321 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 100 000 мың теңге сомасында бекітілсін»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы  

 

Е.Токымбаев

 

            Cәтбаев қалалық
            мәслихатының хатшысы                                     Т.И.Хмилярчук